- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысындағы төтенше...
Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты 5 пойыз уақытша тоқтатылады
Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты 5 пойыз уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысындағы ауа райының күрт нашарлауы жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінің бұзылуына әкелді, осыған байланысты келесі құрамдардың жүруі уақытша тоқтатылады:
- №10 Нұр-Сұлтан1 – Алматы2 Нұр-Сұлтан-1 станциясынан жөнелту арқылы а. ж. 15 желтоқсанында 1 күнге;
- №9 Алматы 2 – Нұр-Сұлтан1 Алматы-2 станциясынан жөнелту арқылы а. ж. 15 желтоқсанында 1 күнге;
- №29/30 Атырау – Алматы1 Атырау станциясынан а. ж. 16 желтоқсанда Алматыдан қайту а. ж. 18 желтоқсанында 1 рейске;
- №3 Алматы 2 – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол Алматы-2 станциясынан жөнелту арқылы а. ж. 15 желтоқсанында кері Нұр-Сұлтан Нұрлы жолдан а. ж. 16 желтоқсанында 1 рейске;
- №505/506 Алматы 2 – Жезқазған Алматы-2 станциясынан жөнелту арқылы а.ж. 15 желтоқсанында Жезқазғаннан кері қарай а. ж. 16 желтоқсанында 1 рейске.
Пойыз жолаушыларына сатып алынған темір жол билеті үшін ақшалай қаражат қайтарылады.
Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қосымша ақпарат алу үшін жолаушылар 1433 тегін нөміріне және KTZH_PP_BOT Телеграмм ботына жүгіне алады.
Еске салайық, қатты жел мен аяз салдарынан Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандары аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан