Жамбыл облысында жолдар тексеріліп, 12 мыңнан астам ақау анықталды, 332 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тексеру барысында облыстың жолдарынан 12 044 ақау анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша жол құрылысына жауапты мекеме басшыларына орындау үшін 2 633 нұсқама берілді.
Берілген нұсқамалардың негізінде жолдарға 1297 жол белгісі, үш бағдаршам нысаны орнатылды, 10 мың шақырымнан астам жол таңбасы жаңартылып, 11 мың шаршы метрге жуық шұңқырларға жөндеу жүргізілді.
Автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз жағдайда ұстағаны және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 332 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жол-техникалық инспекция қызметкерлері берген нұсқамаларды орындамағаны үшін ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 462-бабы 3-бөлігі бойынша Тараз қаласы әкімдігінің, Т.Рысқұлов және Меркі аудандарының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімдерінің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!