Жамбыл облысындағы жер сілкінісі видеоға түсіп қалды

Қазақстанның оңтүстігінде 8 шілдеде болған жер сілкінісі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы Құлан ауылында түсірілген кадрлар тарап жатыр. Жер асты дүмпуі бұл жерде 6 балл болып сезілген.

ТЖМ мәліметінше:

  • Құлан а. 6 балл;
  • Мерке а. 5 балл;
  • Шу қ. 3 балл;
  • Сарыкемер а. 3 балл;
  • Төле би а. 3 балл;
  • Тараз қ. 3 балл;
  • Аса а. 2 балл;
  • Мойынқұм а. 2 балл;
  • Қордай а. 2 балл;
  • Бауыржан Момышұлы а. 2 балл;
  • Қаратау қ. 2 балл;
  • Тұрар Рысқұлов а. 2 балл болып сезілген.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түспеген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!