• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Жамбыл облысындағы жер сілкінісі: қабырғаларға сызат түскен

Фото: Видео кадры

28 наурызда түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жер асты дүмпуінің жоғары қарқыны – 5 балл, бұл Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді.

Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 балл, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында 2 балл болды.

"Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыстық жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша Т.Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылындағы Мәдениет үйі, Меркі аудандық ауруханасы, Ойтал ауылындағы мектеп ғимаратының қабырғасында жарық пайда болғаны анықталды. Басқа нысандар туралы ақпарат нақтыланып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев жағдаймен танысу үшін Т.Рысқұлов және Меркі аудандарына барды.

8 (7262) 513 575 нөмірі бойынша жедел желі іске қосылған.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында жер сілкінген сәт видеоға түсіп қалғаны хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget