Жамбыл облысындағы "Жайсан" кенішінде 2 адам қаза тапты

Жамбыл облысындағы "Қазақмыс" компаниясының "Жайсан" кенішінде 27 қарашада қайғылы оқиға болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ. Омаров атындағы шахта проходкалау тресінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері жарақат алып, көз жұмды. 

"Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. "Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!