- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысында заңсыз...
Жамбыл облысында заңсыз көші-қонмен айналысқан 24 адам сотталды
Жамбыл облысында заңсыз көші-қонмен айналысқан 24 адам сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың алдын алу мақсатында Қордай ауданы прокуратурасы ведомствоаралық жедел тергеу тобын құрды.
2023 жылдың аяғында жедел тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша Пәкістан, Ауғанстан, Қырғызстан және Бангладеш елдерінің 20 азаматына қатысты заңсыз көші-қонды ұйымдастырған 4 тұлға ұсталды.
Бұл дерек бойынша Қордай аудандық ПБ-мен ҚК-нің 394-бабының 2-бөлігі бойынша (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) қылмыстық іс тергеп-тексерілді.
Қордай аудандық сотының үкімдерімен 24 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, Оңтүстік Азияның 20 азаматы мерзімін өтегеннен кейін елден шығарылды.
Сот үкімдері заңды күшіне енді.
Осыған ұқсас аудан прокуратурасының үйлестіру жұмыстарының нәтижесінде Непал Республикасының 10 азаматына қатысты заңсыз көші-қонды ұйымдастырған 2 қылмыскер құрықталып, 12 мамырда сот санкциясымен қамаққа алынды.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚК-нің 394-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа мәліметтер жариялануға жатпайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина