Жамбыл облысында үш тұрғын шетелдіктерге шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескен

Жамбыл облысында үш тұрғын шетелдіктерге шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескен
Фото: Бас прокуратура

Жамбыл облысында заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылар әшкереленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға қалай болған?

Былтыр 14 маусымда Қордай ауданы Еңбек ауылының маңында шекара қызметі бақылау-өткізу пунктінен тысқары жерде Қырғыз Республикасымен арадағы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен Өзбекстанның үш азаматын ұстаған.

Сот үкімімен мигранттарға 6 айға бас бостандығынан айыру, Қазақстан Республикасы аумағынан 5 жылға шығару жазасы тағайындалған.

Мұның артында кім тұрған?

Алайда кейін осы шетелдіктердің шекараны заңсыз кесіп өтуін ұйымдастырған 3 жергілікті тұрғын анықталған.

"Заңсыз көші-қон арнасы ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген. Биыл 21 қаңтарда ҚК-нің 394-бабының 2-бөлігі бойынша ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл баптың санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова