Жамбыл облысында ұрылар өлілер мекенін тонаған

Жамбыл облысында ұрылар өлілер мекенін тонаған
Фото: КТК

Жамбыл облысында ұрылар тірілерді қойып, енді өлілер мекеніне қол сала бастады. Тұрар Рысқұлов ауданында қабір қоршауларын қопара жұлып, қолды қылғандар ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап

Марқұмдардың мазарын бұзғандар 33 және 34 жастағы ер адамдар екен.

Олар зираттардың темір қоршауларын сатып үлгерген. Тергеуде күдіктілердің бұған дейін де Талас ауданындағы бейітке ұрлыққа түскені анықталды.

Енді ескі әдетіне басып, қорымды қорлағандар қылмыстық жауапқа тартылмақ. Қазір тергеу жүріп жатыр.

"Қылмысқа оқталу" және "адамдар тобымен алдын ала сөз байласып жасалған ұрлық" баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір олардың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар немесе жоқ екенін анықтап жатыр", - дейді Жамбыл облысы ПД ресми өкілі Құндыз Бөгенбаева. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина