Жамбыл облысында туған анасын пышақтап өлтірген адам сотталды

Жамбыл облысында туған анасын пышақтап өлтірген адам сотталды
Фото: depositphotos.com

Жамбыл облысында анасын өлтірген ер адамға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жамбыл облыстық сотында апелляциялық тәртіпте адам өлтіру бойынша айыпталған К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Оқиға қалай болған?

2024 жылы қыркүйекте мас ер адам жанжал салдарынан асүй пышағымен анасының кеуде тұсына қасақана соққы жасағаны анықталған, әйел оқиға орнында көз жұмған. 

Сот отырысында сотталушы өкініп, кінәсін ішінара мойындап, өлтіру ниеті болмағанын, бәрі кездейсоқ болғанын айтқан.

Бірінші сатыдағы сот ер адамға 13 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда ер адам жазамен келіспей, бас бостандығынан айыру мерзімін қысқартуды сұраған.

Апелляциялық саты не шешті?

Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы іс материалдарын зерделеп, 1-ші сатыдағы соттың қорытындыларын заңды және негізді деп, ал К-нің кінәсі дәлелденген деп таныды.

Осылайша үкім өзгеріссіз қалды. Қаулы заңды күшіне енді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова