- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысында тракторшы...
Жамбыл облысында тракторшы әйел техниканы 2 күнде меңгерген
Жамбыл облысында тракторшы әйел техниканы 2 күнде меңгерген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Тракторды тізгіндеп, әлеуметтік желіде жұрт ықыласына бөленген әйел Өрнек ауылында тұрады. Гүлдана Пайыз қазір жұбайымен ауылдан қашық жердегі ата-енесінің шаруа қожалығында қолғабыс етіп жүр. Ауыр техниканы айдап үйренгеніне 3 ай болған. Бүгінде жарына жәрдемдесіп, өз алқаптарымен қоса көмек сұраған көрші ауылдың шабындығына да шалғы салып жүр.
"Жолдасым өзі үлгере алмағасын, тракторды айдап бастадым. Қайын інілерім бар еді, олардың жұмыстары бар, сабақтары бар, сонда кетіп қалды да өзі үлгіре алмаған соң, маған үйретті. Енді көмектес деген ниетпен үйретті. Басында қиын еді, қазір үйрендім, оңай", - деді Гүлдана Пайыз.
Гүлдананың негізгі мамандығы - кондитер. Деседе колледжде қосымша "ауылшаруашылығын механикаландыру" кәсібін игеріп жүр. Ауыл шараушылығы мамандарын дайындайтын бұл оқу ордасында, 20-ға жуық қыз білім алады.
"Кәмшат Дөненбаева, Жадыра Тастанбековалар Совет кезінде жұмыс істеп, алтын жұлдыз таққан. Соларға теңесіп, қыздардың да ұмтылыс жасап, өздері оқып, игеріп жатқан қыздар ортамызда бар", - деді №17 Жамбыл колледжінің оқытушысы Жетпіс Миқыбаев.
Гүлдананың отбасы бірнеше жыл бұрын шаруа қожалық ашқан. Сөйтіп мемлекеттен 2,5 процентпен 3,5 миллион теңге жеңілдетілген несие алды. Сол қаражатқа 60 бас қой алып, бүгінде мал басын көбейтіп отыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек