• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Жамбыл облысында тойдың қазысы мен тойбастарын ұрлаған күдікті ұсталды

Жамбыл облысында тойдың қазысы мен тойбастарын ұрлаған күдікті ұсталды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Жамбыл облысында тойдың қазысы мен тойбастарын ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жай

Меркі ауданында полиция қызметкерлері үйде ұрлық жасаған күдіктіні анықтады. Ер адам пластик есікті ығыстыру арқылы үйлерге заңсыз кіріп, алтын әшекейлер, ноутбук және басқа да құнды заттарды жасырын ұрлаған.

Сондай-ақ, тағы бір үйдің қоймасынан азық-түлік (қазы), тойбастар сыйлықтарын және өзге де заттарды ұрлап кеткені белгілі болды. 

Полиция пікірі

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында бұрын сотталған 39 жастағы ер адамды ұстады.

"Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің тұрғын жайға заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық бабымен соталды тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget