Жамбыл облысында токсикоздан емделген әйел мүгедек болып қалған

Жамбыл облысында токсикоздан емделген әйел мүгедек болып қалған
Фото: depositphotos.com

Жамбыл облысында токсикоздан емделген әйел мүгедек болып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Талас аудандық соты мәліметінше, әйел жүктіліктің 10-аптасында аудандық ауруханада "ерте токсикоз" диагнозымен ем алған.

Ауыр жағдайына қарамастан, оған толық көлемде және клиникалық хаттамаларға сәйкес медициналық көмек көрсетілмеген. Әйел мерзімінен бұрын шығарылғаннан кейін жағдайы күрт нашарлап, облыстық ауруханаға шұғыл түрде жатқызылған, медициналық көрсеткіштер бойынша жүктілік үзілген. Кейін оған III топтағы мүгедектік тағайындалған.

Сотта не анықталды?

Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті тексеріс жүргізіп, медицина қызметкерлері тарапынан көптеген заңбұзушылық анықталған: клиникалық хаттамалар сақталмауы, тексерістер мен емдеу жеткіліксіз болуы, бейінді мамандардың кеңесі болмауы, сондай-ақ, құжаттар тиісінше жүргізілмеуі.

Тексеріс қорытындысы бойынша аурухана әкімшілік жауапкершілікке, ал дәрігерлердің бірі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Сот шешімімен жауапкерден Б.-ның пайдасына 246 мың теңге көлемінде материалдық залал, моральдық зиянның өтемақысы ретінде 5 миллион теңге, өкілдің қызметін төлеуге жұмсалған 300 мың теңге өндірілген.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget