Жамбыл облысының Сарысу ауданында 15 жастағы жас жұбайлардың беташар тойы өтті, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, Саудакент ауылында 9-сыныпты бітірген оқушылар отау құрған. Бұл жағдайдың мән-жайын арнайы комиссия тексеретін болады.
"Комиссия құрылды, оның шешімі бойынша толық ақпарат жарияланады. Ата-аналарға қатысты материалдар балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберілетін болады", - деп нақтылады ведомство өкілдері.
Ал ата-аналардың сөзінше, балалардың өзара келісім бойынша үйленген.