Жамбыл облысында тағы да жер сілкінісі сезілді

Жамбыл облысында тағы да жер сілкінісі сезілді
Фото: Яндекс карта

Жамбыл облысында тағы да жер сілкінісі сезілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

12 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 12:57-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 187 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

"Жер сілкінісі Жамбыл облысы Қордай ауылында 2 балл болып сезілді. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түскен жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, биыл 28 наурызда түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуінің жоғары қарқыны 5 балл болды. Бұл Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget