- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бас прокуратура
Жамбыл облысында сот шектеулерін сақтамағандар сотталды
Жамбыл облысында сот шектеулерін сақтамағаны үшін 98 тұлға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыс прокуратурасына сілтеме жасап.
Оқиға қалай болды?
Жамбыл облысының прокуратурасы "Сотталғандардың өңірдегі криминализацияға әсерін төмендету" жобасын іске асыру барысында облыс бойынша ҚАЖД-ның пробация қызметімен пробациялық бақылау жүргізу кезінде бірқатар бұзушылықтарды анықтады.
Пробация қызметтері мен ішкі істер органдары арасында жеткіліксіз өзара әрекеттестік, сондай-ақ өрескел бұзушылардың жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы сотқа уақытылы ұсыныстарды жолдамау деректері анықталды.
Сот үкімдерімен белгіленген шектеулердің орындалуын талдау нәтижесінде есепте тұрған тұлғалармен қатысты қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтар жасалғаны, бақылаудағы аумақтан шығу жағдайлары анықталды.
Қадағалау актісі бойынша пробация қызметі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы 45 ұсыныс жолданды, олардың 15-і сотпен қанағаттандырылды, қалғандары қаралу сатысында.
Қанша адам сотталды?
Жалпы, биылдың басынан бастап белгіленген сот шектеулерін бұзғаны үшін 98 адам бас бостандығынан айырылды.
Бұл шаралар қайталама қылмыстардың төмендеуіне және криминогендік жағдайдың жақсаруына ықпал етті.
Пробациялық бақылау саласындағы аталған кемшіліктер облыс әкімі, құқық қорғау және арнайы органдардың басшыларының қатысуымен өткен Үйлестіру кеңесінде қаралды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек