Меркі әкімдігі мемлекет мүлкін заңсыз сатқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Жамбыл облысында 6 жыл бойы мемлекет меншігіне алынбай келген "Сүт" фермасы ақыры әкімдікке қайтарылды.
Меркі ауданының шенділері құны 100 миллион теңге болатын зауытты 7 миллион теңгеге сатып жіберген. Аумағы 18 гектар нысан осыдан 8 жыл бұрын жеке серіктестіктің кәсіпорны болған. Бірақ оның басшысы экологиялық заңнама талаптарын бұзғаны үшін мемлекетке 52 миллион теңге берешек болып қалған. Сөйтіп, кәсіпкер айыппұлдың ақшасын сүт зауытын берумен өтейді. Нысан әкімдік балансына беріледі. Ал ондағылар мемлекет мүлкін 13 есе арзанға сата салған.
"Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі 2017 жылғы 5 қазанда бағаны төмендету тәсілін қолданып, 7 263 000 теңгеге М. есімді азаматқа заңсыз сатып жіберген. 2023 жылғы 3 мамырдағы заңды күшіне еңген сот шешімімен талап қанағаттандырылды, мүлік мемлекетке қайтарылды", - деді Меркі ауданы прокуратурасының прокуроры Алмас Борантаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!