Жамбыл облысында ауыр жүк көліктерін бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
23 қыркүйекте ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен және прокуратурамен бірлесіп, арнайы операция өткізген. Олар осы өңірдегі шекара бекеті арқылы өтетін ауыр жүк көлігі, жолаушылар көлігі, жеңіл және транзиттік көлік жүргізушілерінен жүйелі түрде ақша бопсалады деген күдікпен қылмыстық топты әшкерелеген.
ІІМ мәліметінше, 27 тінту іс-шарасы жүргізілген.
"Суық қару, байланыс құралдары, ірі көлемдегі қаражат, сондай-ақ, көліктер тәркіленді. Бір топ адам жасаған бопсалау дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!