Жамбыл облысында шаруа қожалығының жай-күйіне әбден қаныққан қойшы мал ұрлығын ұйымдастырған

Жамбыл облысында шаруа қожалығының жай-күйіне әбден қаныққан қойшы мал ұрлығын ұйымдастырған
Фото: ІІМ/ЖИ

Жамбыл облысында бұрынғы қойшы 72 бас мал ұрлады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ірі көлемдегі мал ұрлығы әшкереленді. Байзақ ауданындағы шаруа қожалығынан бірнеше рет мал ұрланып, келтірілген жалпы шығын көлемі 72 бас қойға жеткен.

"Бұл дерекке қатысты соталды тергеу басталды. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш ер адам ұсталды. Олардың бірі қораның орналасуын және малды бағу тәртібін жақсы білген, шаруа қожалығында бұрын қойшы болып жұмыс істеген. Тергеу барысында ұрланған малдың бір бөлігі табылып, заңды иесіне қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget