Жамбыл облысында республикалық маңызы бар бір жол жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қаз"
"31 қаңтар сағат 18:00-дегі ахуалға сәйкес, қолайсыз ауа райының байланысты Жамбыл облысының "Алматы-Ташкент-Термез" республикалық маңызы бар автожолының 159-238-шақырымы, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейінгі аралықта көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.
Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 699 бірлік техника және 1419 жолшы жұмылдырылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз