- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алаяқтық
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
Жамбыл облысында алаяқтық жасады деген күдікпен прокуратура қызметкері ұсталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2024 жылғы 23 қарашада Бас прокуратураның ішкі қауіпсіздік департаменті мен Жамбыл облысының прокуратурасы, Жамбыл облысы бойынша ҰКК қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде прокуратура қызметкері алаяқтық күдігімен ұсталды", - делінген хабарламада.
Ведомство сотқа дейінгі тергеуді Бас прокуратураның арнайы прокуроры жүргізіп жатқанын атап өтті.
"Тергеу мүддесінде басқа ақпарат жариялануға жатпайды", - деп хабарлады Бас прокуратура.
Еске салайық, 2024 жылғы ақпанда Алматы облысы Балқаш ауданының аға прокуроры ұсталды. Шенеунік алаяқтық жасады деген күдікпен Қонаевта ұсталды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан