- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысында "пойыз...
Жамбыл облысында "пойыз апатқа ұшырап, 380 адам қаза тапқаны" туралы ақпарат тарады: ҚТЖ түсінік берді
Желіде Жамбыл облысында пойыз апатқа ұшырап, 380 адам қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Отар мен Шудың ортасында бұрын соңды болмаған қар жауып поезд авария болып 300 ден астам адам өлген содан хабарлап жіберіп жатыр танитын адам болама деп", - делінген Желіде тараған ақпаратта. (Хаттың стилі мен орфографиясы сақталды)
Сонымен бірге бұл хаттың соңында 380 адамның аты-жөні жазылған.
Massaget.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметінен бұл ақпараттың рас-өтірігін сұрады. Компания өкілі мұның жалған екенін айтып, Желіде тараған хабарламаны жоққа шығарды.
"Әлеуметтік желіде Отар-Шу учаскесінде пойыздың рельстен шығып кеткені туралы жалған ақпарат қызу тарап жатыр. ҚТЖ желісінде пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін бұзу немесе адамдардың жарақаттанғаны туралы дерек тіркелген жоқ. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз", - деп хабарлады компания.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан