- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысында полиция...
Жамбыл облысында полиция көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Жамбыл облысында полиция көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Видео әлеуметтік желіде пайда болды.
"Жамбыл облысының Луговой ауылында полиция көлігі адам қағып кетті. Қыз зардап шеккен жоқ. Өздеріне өзі айыппұл салып, әрі қарай кетіп қалған шығар", - делінген видео сипаттамасында.
Жамбыл облысының Полиция департаменті дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Жаяу жүргіншінің сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартуына байланысты полиция қызметкері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 600-бабы, 1-бөлігі ("Жаяу жүргіншілерге немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларына қозғалыста артықшылық бермеу") бойынша жауапкершілікке тартылды. Бұл заңбұзушылық он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады", - деді облыстық полиция өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова