Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев қызметінен кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ІІМ мәліметінше, Бақытжан Малыбаев жұмыстан шығу жөнінде рапорт жазып, ішкі істер министрінің бұйрығымен атқарып отырған қызметінен босатылған.
Айта кетейік, Бақытжан Малыбаев бұл қызметке 2024 жылы қыркүйекте тағайындалған болатын.
Еске салайық, Бақытжан Малыбаевтың бұрынғы орынбасары тамыздың аяғында ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, полиция қызметінен босатылды. Оған тағылған айыптар ашық жарияланбады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова