Жамбыл облысында полицейлер қылмыстық топты ұстау кезіндегі видеоны көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жамбыл облысында полицейлер облыс прокуратурасымен бірлесіп, ұзақ уақыт бойғы жедел жұмыстардың нәтижесінде алты адамнан тұратын қылмыстық топтың жолын кесті.
Күдіктілер Жамбыл облысының Шу ауданынан Алматы қаласына және Алматы облысына гашишті жеткізу каналдарын ұйымдастырған.
Ұстау және тінту іс-шаралары бір мезетте Алматыда, Алматы облысында, Жамбыл облысының Шу ауданында өткізілді. Барлық алты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Тінту кезінде 5 келіден астам гашиш және 1 келіден астам марихуана тәркіленді.
Қазіргі уақытта алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының есірткі заттарын дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз