Жамбыл облысында полицей әріптесінің арқасынан атып жіберген

Жамбыл облысында полицей әріптесінің арқасынан атып жіберген
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысында полицей әріптесін жұмыс барысында атып жіберген. Жарақат алған адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдің полиция департаментінің өкілдері бұл дерекке қатысты ресми пікір білдірді. 

"16 қарашада қызметтік көлікпен аймақты патрульдеу кезінде бір офицер қаруды қолына алған кезде абайсызда екіншісінің арқасынан атып алған", - делінген хабарламада. 

Аса ауыр зардаптарға әкеп соққан абайсыздық ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Жәбірленуші Қордайдағы аудандық ауруханаға жеткізілді", - дейді ведомство өкілдері. 

Полиция қызметкерлері бұл іс бойынша қызметтік тексеріс жүргізіп, істің мән-жайын анықтап жатыр. 

Еске салайық, биыл маусымда Батыс Қазақстан облысында полицей өзін абайсызда атып жіберген болатын. 27 маусымда өзін абайсызда атып жіберген полицей қайтыс болды. 

БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер адам жарақат алғаны туралы ақпарат 07.41-де түскен. 

Жедел медициналық жәрдем бригадасы 2003 жылы туған ер адамды облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізген. Науқасқа шұғыл түрде операция жасалған. Полицей жансақтау бөлімінде жатқан. Жағдайы өте ауыр деп бағаланған болатын.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина