Жамбыл облысында өртсөндірушілер бес адамды құтқарды

Жамбыл облысында өртсөндірушілер бес адамды құтқарды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысында өртсөндірушілер бес адамды тілсіз жаудан аман алып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-каналына сілтеме жасап.

Құтқарушылардың айтуынша, бүгін таңертең Байзақ ауданы Бурыл ауылында екі қабатты екі пәтерлі тұрғын үйдің 10 шаршы метр аумағы өртке оранды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт аз аумақты шарпыса да, бірақ қою түтін пайда болған, бұл үй тұрғындарына қауіп төндірген.

Өртсөндірушілер барлау кезінде кейуана мен 4 баланы тауып, оларды терезе арқылы ашық ауаға шығарды.

Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан