Жамбыл облысында өрт кезінде тұрғындар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңатас қаласының Сарысу ауданында бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы балконда өрт шығып, 4-қабаттағы балкон мен пәтерге ауысты. Оқиға орнына келген өртсөндірушілер 9 тұрғынды, оның ішінде 3 баланы баспалдақ арқылы эвакуациялады. Құтқарушылар өртті 15 шаршы метр алаңда толығымен сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!