Жамбыл облысында ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 20 адамды эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жамбыл облысы ТЖД "112" пультіне Тараздағы көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жедел түрде жедел күштер мен құралдар жетіп, өрттің үшінші қабаттағы пәтердің балконынан басталып, көрші балконға таралғанын анықтады. Өртсөндірушілердің күшімен тілсіз жау 20 минут ішінде сөндірілді.
ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында баспалдақ арқылы 20 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек