Жамбыл облысында ер адам жұмыс орнында алған жарақаттан көз жұмды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
13 қыркүйекте сағат 16:20 шамасында Сарысу ауданы Полиция бөлімінің кезекші бөліміне аудандық ауруханадан "Қазфосфат" өндіріс орнына тиесілі орталық байыту фабрикасы ғимараты шатырының тақтайшасы құлап, ғимарат ішінде жұмыс жасап жүрген үш қызметкер түрлі дене жарақатпен жеткізілгені туралы хабарлама түскен. Оқиға салдарынан кәсіпорынның 58 жастағы жұмысшысы көз жұмған.
Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша соталды тергеу амалдары басталған. Сондай-ақ, еңбек инспекциясы арнайы тексеріс жүргізіп жатыр. Қажет сот-медициналық және сот-құрылыс сараптамалары тағайындалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!