Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев балалар мен жасөспірімдер арасында қайғылы жағдай жиілеп кетуіне байланысты шұғыл кеңес өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жаңа оқу жылы басталғалы өңірде кәмелетке толмағандар арасында аса ауыр қылмыстар жиілеп кетуі жағдай ушығып бара жатқанын көрсетеді. Бұл мәселеге шұғыл әрі нақты шаралар қажет. ...Сіздерді тыңдасақ, барлық жұмыс жүріп жатыр, ауқымды шаралар атқарылып жатыр дейсіздер. Бірақ нәтижесін өздеріңіз көріп отырсыздар. Кейінгі екі аптада үш қайғылы жағдай болды. Демек сіздердің жұмыс тәсілдеріңіз тиімсіз. Оқушылардың тәрбиесі жөнінде мектеп, ата-ана, қоғам үштігінің өзара бірлескен жұмыстарын басынан қарау керек!" - деді өңір әкімі.
Өңір басшысы бұған дейін осы мәселе бойынша нақты тапсырмалар бергенін, алайда жауапты тұлғалардың қабылдаған шараларынан нақты нәтиже көрмей отырғанын қатаң түрде ескертті.
Ербол Қарашөкеев лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік сипаттағы шешімдер қабылдады:
Әкім Білім басқармасынан Тараз қалалық және Шу аудандық білім бөлімдерінің басшыларының және өзге де жауапты тұлғалардың атқарып отырған қызметіне сәйкестігін қарастыруды талап етті.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында 9-сынып оқушысы көз жұмғаны хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!