Жамбыл облысында пайдаланылмай жатқан 2,7 мың гектар жер уческесі қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жамбыл облысы Сарысу ауданының прокуратурасы талдау жүргізу барысында пайдаланылмай жатқан жалпы көлемі 2 710 га болатын 5 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін анықтады.
Жер учаскелерінің жалпы кадастрлық құны 15 млн теңгеден асты.
2022 жылы жергілікті атқарушы орган ауданда қызметін жүзеге асырмаған серіктестікке жер учаскелерін бергені белгілі болды.
Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесімен жер мемлекеттік жер қорына қайтарылып, ауылдық округтердің тұрғындарына мал жаюға берілді. Осылайша, жайылым тапшылығы мәселесі азайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!