- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысында мешітте...
Жамбыл облысында мешітте ұрлық жасаған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалған
Жамбыл облысында мешітте күртеше ұрлаған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
23 қазанда "102" арнасына Тараздың 19 жастағы тұрғыны шағым білдірді. Жігіттің айтуынша, ол сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін орталық "hибатулла-Тарази" мешітінде болған, онда намаз оқып жатқан сәтте күртешесін ұрлап кеткен. Келтірілген шығын - 25 000 теңге.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бейнебақылау камераларының көмегімен полиция қызметкерлері қаладағы шағын аудандарының бірінің 54 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Ер адам кінәсін толық мойындады, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина