Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші қайтыс болды

Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 27 қаңтарда болған. Бас прокуратура мәліметінше, марқұм қаруды ұстау кезінде жарақат алған.

"Мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің қайтыс болуына байланысты ІІМ-нің Әскери тергеу органдары соталды тергеп-тексеруді бастады. Жедел тергеу тобы құрылды, тергеу барысы Бас прокурордың жеке бақылауында", - деп жазылған хабарламада.

Мән-жайды жан-жақты анықтау мақсатында қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ Әскери тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына шыққан.

Еске салайық, бұған дейін Өскеменде мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!