Жамбыл облысында мектепте бақсы "Томирис" келген. Министр Ғани Бейсембаев пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мұндай жағдайларға қатысты білім мекемелеріне қатаң ескерту жасалған болатын. Мектеп бірінші кезекте оқу-тәрбие ісімен айналысуы керек. Ал бөтен тұлғалардың келуіне қатысты қабылданған тиісті заңда, мектептің ішкі жарғыларында да жазылған. Сондықтан мектепте болатын шараға мектептегі бірінші басшы жауапты.
Шешім жергілікті атқарушы органдар зерттеу жүргізгеннен кейін, анығына жету керек. Осыған байланысты мектеп басшылығы жазаланып отыр. Тиісті шара қабылданды. Ал тәрбие жұмыстарына байланысты орынбасарға тапсырма берілді. Егер қатысы болса ол қандай маман болса да жауапкершілікті мойнына алуы керек", - дейді министр.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында мектепке бақсыны шақыруға мұғалімдерден ақша жиналғанын жазған едік.
Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша бақсының 4 метрлік шлейфі бар көйлегін оқушылар сүйреп жүрген. Ең қызығы, ол мектепке көмектесемін деген оймен мектепке жыртылған киім, сынған ойыншықтар мен іске жарамайтын компьютер берген көрінеді.
Бақсы ішімдік пен есірткіге тәуелділіктен емдейді-мыс. "Томирис" мектепке "материалдық көмектен" бөлек, 500 мың аударамын деп уәде берген. Алайда ол ақшаны аудармаған. Ал мектеп мұғалімдерінен 4 мың теңгеден жинаған.
Желідегі ақпаратқа сәйкес бұл кездесуді аудан әкімдігі ұйымдастырған көрінеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!