- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысында мекеме...
Жамбыл облысында мекеме басшылығы жалған құжат жасап, мемлекеттік мүлікті жымқырған
Жамбыл облысында "Таза-Талас" ШЖҚ КММ-і басшылығы мемлекеттік мүлікті жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Талас ауданының прокуратурасы "Таза-Талас" ШЖҚ КММ-нің теңгерімінде тұрған автокөліктерді жымқыру фактісін анықтады. Мекеме басшылығы жалған құжаттар негізінде, сатылымға шығарусыз 4 автокөлікті үшінші тұлғаларға сатқан.
Мемлекетке келтірілген залал мөлшері - 22 млн теңге. Бұл дерек негізінде Талас ауданының прокуратурасы ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен (кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ipi мөлшерде талан-таражға салу фактісі бойынша) сотқа дейінгі тергеп тексеру бастаған.
Қылмыстық іс, облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен тергелді.
Іс шеңберінде прокуратурамен құны 10 млн теңгені құрайтын 2 автокөлік қайтарылып, 7 млн теңге мемлекет пайдасына өндірілді. Талас аудандық сотының 2024 жылғы 13 маусымдағы үкімімен "Таза-Талас" мекемесінің директоры және оның орынбасарына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина