- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысында мекеме...
Жамбыл облысында мекеме басшылары 209 миллион теңге жымқырған
Жамбыл облысының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бөлінген бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облысы прокуратурасына сілтеме жасап.
"Меркі" тәжірибелік шаруашылық" ЖШС квазимемлекеттік мекемесінің бұрынғы басқарма төрағасы және оның орынбасары ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы нақты сатылмаған алма көшеттері үшін 209,9 миллион теңге субсидия алған.
Бұл дерек бойынша Меркі ауданының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармақшасымен (алаяқтық) қылмыстық іс тіркеп, оны облыс прокуратурасы тергеп-тексеріп жатыр.
Сот бір күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берсе, екіншісіне қатысты үй қамақ бұлтартпау шарасы қолданылды.
Соталды тергеп-тексеру жалғасіп жатыр, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жария етілмейді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек