- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Полиция
Жамбыл облысында Лекки қызметтік иті 100 келіден астам есірткі тапты
Жамбыл облысының полицейлерінің айтуынша, Лекки атты бельгиялық овчарка - жылдың ең үздік төрт аяқты көмекшісі. Ол осы жылы 100 келіден астам есірткі затын анықтап тапты. Екі жылғы қызметтік кезеңде Лекки 20-ға жуық есірткі қылмысын ашуға көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы – Екатеринбург халықаралық маңызы бар жол аумағын патрульдеу кезінде Lexus автокөлігі тоқтатылды. Автокөлікті тексеру кезінде Леккидің көмегімен көлік жүксалғышынан ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес 4 полипропилен қапшық табылды.
Сараптама қорытындысы бойынша сөмкелерде салмағы 104 келі 440 грамм марихуана есірткісі болған. Кәсібилігімен дараланған Леккидің иіс сезгіштік қасиеті есірткі сатушыларға өздерінің қылмыстық пиғылын жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.
"Жыл басынан бері қызметтік иттер полицейлерге 4 мыңға жуық қылмысты ашуға, заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам есірткіні, оның ішінде синтетикалық есірткіні тәркілеуге көмектесті", - деп түйіндеді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің өкілдері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан