- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысында қызметтік...
Жамбыл облысында қызметтік ит ер адамды есірткі дайындап жатқан жерінен тауып алды
Жамбылдық полицейлер ауыл тұрғынынан 50 келіден аса есірткі тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел-профилактикалық іс-шара аясында Шу ауданында жабайы қарасора өсетін жерлерде бұрын сотты болған 39 жастағы жергілікті тұрғын есірткі дайындау кезінде ұсталды.
"50,3 келі кептірілген марихуана және каннабис өсімдігі есірткі құралдары тәркіленді. Жедел-іздестіру іс-шараларын Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ, ҚР ІІМ ЕҚҚІД, ҰҰ "Бүркіт" АМБ қызметкерлері Теа атты қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып жүргізді", - делінген хабарламада.
Ұсталған адам кінәсін мойындап, Шу қаласындағы УҰИ-ға қамауға алынған. ҚР ҚК-ның 296-бабы 4-бөлігімен соталды тергеу басталды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан