Жамбыл облысы Байзақ ауданында тосын жағдай тіркелді. Құтқарушылар қауіпті жағдайға тап болған қыз балаға көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға орнына дереу құтқару бөлімшелері жеткен.
"Арнайы құтқару жабдықтарын пайдаланған ТЖМ қызметкерлері даладағы әжетхана шұңқырына құлап кеткен 11 жастағы қызды шығарып алды", - деп жазылған хабарламада.
Ол медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлерге тапсырылған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!