- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысында құны...
Жамбыл облысында құны 55 миллион теңгенің жері мемлекетке қайтарылды
Жамбыл облысында 4,7 мың гектар жер мемлекеттік қорға қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Байзақ ауданының прокуратурасы 465 гектар жерді заңсыз беру дерегін және пайдаланылмай жатқан 4292 гектар жер телімін анықтады.
Бұл учаскелердің кадастрлық құны 55 миллион теңгеден асады.
Жергілікті атқарушы органға енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде соталды тәртіппен пайдаланылмай жатқан жер учаскелері толық қайтарылып, ал қалған заңсыз берілген жерлер бойынша сотқа жерді жалға алу шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілді.
Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, 465 гектар жер мемлекетке қайтарылды.
Бұл жер учаскелері алдағы уақытта шаруа қожалықтарына заңда белгіленген тәртіппен беріледі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова