Жамбыл облысында кранға шығып наразылық білдірген ер адам құтқарылды

 Жамбыл облысында кранға шығып наразылық білдірген ер адам құтқарылды
Фото: arenda-kranov.ru

Бүгін Жамбыл облысының 112 қызметіне Тараз қаласында Сәтбаев көшесі мен Жамбыл даңғылының қиылысындағы, 4 қабаттағы мұнаралы кранға өзін байлаған ер адамның өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті туралы хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам осылайша Жамбыл облысының прокуратурасы мен құқық қорғау органдарының әрекетсіздігіне наразылық білдірген.

"Оның айтуынша, ол шарасыздықтан, прокуратура мен құқық қорғау органдарының әрекетсіздігінен осындай қадамға барған", - деп пікір білдірген желіде жергілікті адвокат Бибарыс Патейев. 

Қазіргі таңда тұрғынның прокуратураға қатысты шағымдарының егжей-тегжейі жарияланған жоқ. Оқиға орнына шұғыл түрде ТЖМ күштері жіберілді. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен психологтар ер адаммен әңгімелесіп, оның назарын аударған. Құтқарушылар альпинистік жабдықтарды пайдаланып, ер адамды қауіпсіз түрде жерге түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Бақдаулет