Жамбыл облысында көліктердің қосымша жанармай багы жаппай тексеріліп жатыр

Жамбыл облысында көліктердің қосымша жанармай багы жаппай тексеріліп жатыр
Фото: Видео кадры

Жамбыл облысында көліктерін заңсыз қайта жабдықтағандар анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірде көліктерді заңсыз қайта жабдықтау дерегін анықтауға бағытталған рейд жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері қосымша жанармай бактары орнатылған-орнатылмағанын анықтайды.

Жамбыл облысы Полиция департаменті мәліметінше, мұндай өзгерістер жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіреді, сондай-ақ, кейбір азаматтардың көлікті заңсыз пайдалануына себеп болуы мүмкін.

Кейінгі екі аптада полиция қызметкерлері қосымша жанармай багын заңсыз орнатқан 22 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Олардың арасында көршілес мемлекеттің азаматтары да бар.

"Барлық көлік заңбұзушылық толық жойылғанға дейін арнайы айып тұрағына қойылады. Сонымен қатар, көлікті заңсыз қайта жабдықтағаны және тиісті тіркеу мен рұқсат құжаттарынсыз қызмет көрсеткені үшін техникалық қызмет көрсету станцияларының иелері де әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр", - деді өңір полициясы.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget