Жамбыл облысында көлік нөмірінің әрпін өзгерткен фура жүргізушісі қамауға алынды

Жамбыл облыстық полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Меркі ауданы маңындағы тасжолда көлігінің нөмірін өзгертіп алған фура жүргізушісін ұстады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

DAF жүк көлігінің мемлекеттік нөмірдегі бір әрпі басқа екенін анықтаған. Қырғыз Республикасының 33 жастағы тұрғыны бұл әрекетін жолда жылдамдықты асырғаны үшін бейнекамераларға түсіп қалмау мақсатында жасағанын мойындады.

Ер адамның Қырғызстаннан Ресейге Қытай автокөліктерін тасымалдаумен айналысатыны белгілі болды.

Меркі аудандық сотының шешімімен құқықбұзушы 1 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, екі тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!