Жамбыл облысында көлік нөмірін қағазбен жапқан жүргізуші жауапқа тартылды

Жамбыл облысында көлік нөмірін әдейі қағазбен жапқан жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері Батыс Еуропа - Батыс Қытай тасжолының 487-шақырымында нөмірі анық көрінбеген KIA K5 көлігін байқап, тоқтатқан.

Тексеріс кезінде көліктің мемлекеттік нөміріндегі әріп-цифрлық белгілердің бір бөлігі қағазбен әдейі жабылғаны анықталған.

"Жүргізушіге заң аясында шара қабылданды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды", - деді ІІМ өкілдері.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз