- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысында көлік...
Жамбыл облысында көлік жүргізушісі ұйықтап кетіп, екі автокөлікпен соқтығысқан
Жамбыл облысында көлік жүргізушісі ұйықтап кетіп, екі автокөлікпен соқтығысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 27 қыркүйекте сағат 16:00 шамасында "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автожолының 402-шақырымында болған. "Subaru Legacy" маркалы автомашинасының жүргізушісі Шымкент қаласы бағытынан Алматы қаласына қарай көлік жүргізіп келе жатып, рульде ұйықтап қалып, жолда тұрақтап тұрған екі жүк автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан "Subaru Legacy" жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Осы автокөліктің жүргізушісі және оның 3 жолаушысы, оның ішінде бір бала түрлі дене жарақаттарымен Тұрар Рысқұлов орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жамбыл облысының полицейлері тұрғындардан трассадағы көлік қозғалысы кезінде көлік жүргізушісін бақылап, қадағалап отыруды сұрады.
"Көбінесе жолаушылар жүргізушінің шаршағанын және ұйықтағысы келіп отырғанын біледі, көреді, алайда, мұндай жағдайға немқұрайлы қарайды. Ал немқұрайлылық көп жағдайда ауыр зардапқа әкелуі мүмкін. Адам өлімінің орын алуына себепкер болмаңыз және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыз", - деп атап көрсетті ПД ЖПҚБ бастығы полиция подполковнигі Ержан Мананбаев.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина