Жамбыл облысында қоқыстан жаңа туған сәби табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде тараған мәліметке сүйенсек, оқиға Қордай ауданындағы Гвардиялық гарнизон аумағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша табылған сәби - қыз бала.
Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, жаңа туған сәбиді қауіпті жағдайда қалдыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған (соталды тергеу басталған - еск.).
"Баланың анасын, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау ету үшін жедел іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Жамбыл облысы ПД өкілі.
Қазір сәби медициналық мекемеде. Жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!