Жамбыл облысында қоғамдық моншада өрт шықты

Жамбыл облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Фото: Коллаж: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі, depositphotos.com

Жамбыл облысында құтқарушылар қоғамдық моншадағы өртті сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында болған. Сайын көшесінің бойындағы бір қабатты қоғамдық моншаның шатыры өртенген.

Құтқарушылар оттың таралуына жол берілмей, 320 ш.м аумақты шарпыған өртті толығымен сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лес
Logotype Massaget