Жамбыл облысында қап-қап есірткі тәркіленді

Жамбыл облысында қап-қап есірткі тәркіленді
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Жамбыл облысында 66 келі есірткі тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция Батыс Еуропа - Батыс Қытай тасжолының 583-шақырымында Audi 100 көлігін тоқтатқан. Көлікте көрші облыстардың екі тұрғыны - жүргізуші мен жолаушы болған.

Қызметтік ит Баронның көмегімен көлікті тексеру кезінде артқы орындықтан 3 қап, ал жүксалғыштан ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған 9 қап табылған.

ІІМ баспасөз қызметі

"Сараптама нәтижесінде бұл жалпы салмағы 66 келі болатын кептірілген марихуана екені анықталды. Соталды тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ПД өкілі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget