Жамбыл облысында 50 жастағы әйел притон ұйымдастырды, жеңгетайлық жасады деген айыппен ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысы Полиция департаменті қызметкерлері клиенттерге ақшасына интим қызмет ұсынған кафені анықтады. Заңсыз қызметті ұйымдастыруда ойын-сауық мекемесінің әкімшісі күдікке ілінді.
"50 жастағы әйелге ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Ұсталған адам мойындады. Қолма-қол ақша мен ұялы телефон түріндегі заттай дәлелдемелер алынды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінен секс-притон анықталғаны хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Биохимиялық теорияның авторы кім?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!