- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысында жұмысқа...
Жамбыл облысында жұмысқа алу үшін пара алған лауазымды тұлғалар сотталды
"Жамбыл облысы бойынша ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы" ММ филиалы басшысының м.у.а. сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл 10 қыркүйекте №2 Тараз қалалық сотының үкімімен "Жамбыл облысы бойынша ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы" ММ филиалы басшысының м.у.а. А.О. Махашева және осы филиалдың кадрлар жөніндегі инспекторы Л.Т. Қалмұратова сотталды.
Олар фельдшер ретінде жұмысқа орналастыру үшін жеке тұлғадан айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Оларды мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда өмір бойы қызмет атқару құқығынан айыра отырып, тиісінше 4 және 3,6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Қылмыстық Кодекстің 74-бабының 1-бөлігі негізінде жазаны өтеу мерзімі кәмелетке толмаған балалардың болуына байланысты 4 жылға кейінге қалдырылды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина